Қаланың экономикалық соты осындай шешім шығарды. Халық арасында «Оптовка» аталып кеткен нысан жекенің қолына заңсыз өтіп кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24». Айта кетейік, Алматы прокуратурасы нысанды жекешелендіру келісімін жарамсыз деп тану туралы сотқа шағым түсірген болатын. Тексеріс барысында базардың өзіндік құнынан бес есе төмен бағаға сатылғаны анықталды. Мәселен, нысанның нарықтық құны 1,5 млрд теңге болса, ол бар болғаны 307 млн теңгеге сатылып кеткен. Сот талап арызды қанағаттандырып, істі мемлекеттің пайдасына шешті.