АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес “Авторадио Қазақстан” бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі бола отырып, 2022 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасының президенттігіне сайлауға қатысу үшін Қазақстан Республикасының Президенттігіне тіркелген кандидаттарды (бұдан әрі – “Кандидат”), сайлау алды үгіт-насихат аудиоматериалдарын орналастыру үшін “Авторадио Қазақстан” (бұдан әрі – Радио) радиостанциясының эфир уақытын беру шарттары туралы хабардар етеді.

Радиода эфир уақытын беру радионың меншік иесі мен кандидат не оның тиісінше уәкілеттік берілген өкілі арасында жасалған жазбаша шарт негізінде жүзеге асырылады. Мұндай шартты жасасу үшін Кандидат не оның уәкілетті өкілі радио иесіне жазбаша өтініш береді.

Радио эфирінде мәлімдеме жасауға өтініш берген Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер әрбір кандидат міндетті:

1.Мынадай қажетті құжаттарды ұсыну: уәкілетті орган берген кандидат куәлігінің көшірмесі және кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі. Егер өтініш кандидаттың уәкілетті өкілінен берілсе, онда жоғарыда көрсетілген құжаттармен қатар өзінің жеке куәлігінің көшірмесін не Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құжаттарды жеткізеді.

2.Эфирде орналастырудың жоспарланған уақытын көрсету және үгіт аудиоматериалын эфирге жіберілгенге дейін күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірмей: Flash-жинақтағышта, CD-дискіде, электронды пошта арқылы (форматы: mp3 320 44 100 stereo), сондай-ақ Кандидат не радио иесімен эфир уақытын беру туралы шартқа уәкілетті тұлғаның қолы қойылған мәтіннің, үгіт аудиоматериалының транскрипциясын ұсыну.

3.Үміткерге эфир уақытын беру туралы келісімшарт жасау.

4.Үміткерге эфир уақытын беру туралы шарттың талаптарына сәйкес төлем жасау.

5.Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық басымдықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттауды немесе үгіттеуді таратпауы тиіс.

Өтініш беру шарттары мен тәртібі, эфир уақытына ақы төлеу мөлшері.

1.Кандидаттардың үгіт аудиоматериалдарын орналастыруға өтініштер 2022 жылғы 18 қазаннан бастап 2022 жылғы 18 қарашаға дейін Алматы қ., Сәтпаев к-сі, 30а, 59 пәтер мекенжайы бойынша қабылданады. Өтініштерді қабылдау уақыты: демалыс және мереке күндерінен басқа күн сайын сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін.

2.”Авторадио Қазақстан” үміткерге үгіт-насихат аудиоматериалдарын 2022 жылғы 21 қазаннан бастап 2022 жылғы 18 қарашаға дейінгі кезеңде күн сайын сағат 7:00-ден 21:00-ге дейін, коммерциялық жарнамадан бос уақытта қоса алғанда, хронометражы 60 секундтан аспайтын аудио роликтер нысанында орналастыру үшін эфир уақытын ұсынуға мүмкіндігі бар.

3.Құны 12% ҚҚС қосылған құн салығы есебімен минутына 45 797 теңгені құрайды.

4.Төлем тиісті шартқа қол қойылған күннен бастап 5 (бес) банк күнінің ішінде радионың меншік иесі қойған шот негізінде жүзеге асырылады.

5.Кандидаттардың үгіт аудиоматериалдарын Радио эфирінде орналастыру кезектілігі олардың жазбаша өтініштерінің келіп түсу тәртібімен айқындалады. Егер жазбаша өтініш келіп түскен сәтте сұрау салынатын уақыт бұрын жүгінген немесе коммерциялық жарнамамен айналысатын басқа кандидатқа берілген болса, Радио иесі сайлау алдындағы науқанның үгіт-насихат аудиоматериалдарын орналастыру үшін мәлімделген уақыт аралығы шегінде өзге де бос эфир уақытын ұсынады.

6.Барлық үгіт материалдарында олардың төленгені туралы ақпарат, қаржыландыру көздері, ақпарат берген тұлғаның тегі болуы тиіс.

7.Радионың меншік иесі материалда Қазақстан Республикасының Президенттігіне тіркелген басқа кандидаттардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруге қабілетті ақпарат болған жағдайда үгіт аудиоматериалдарын шығуынан бас тартуға құқылы. Осы материалды ұсынған Кандидат Радионың меншік иесінің талабы бойынша материалдарда жоғарыда аталған ақпараттың бар-жоғын растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

8.Радионың меншік иесі, егер де материалдарда Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табыну, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құралымдар құру идеялары болса, үгіт-насихат аудиоматериалдарын эфирге шығарудан бас тартады.

“Авторадио Қазақстан” ЖШС
Директоры
Бледнова О. В.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА – docx