Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауына кандидат ретінде тіркеді

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидатты тіркеуге қажет барлық рәсімдер сақталды. Айта кетейік, елімізде президент сайлауы 20 қарашаға белгіленген.