Коронавирустан қайтыс болғандарды кез келген зиратқа жерлеуге болады

Коронавирустан қайтыс болғандарды кез келген зиратқа жерлеуге болады. Тек жерлеу рәсімі кезінде қатысушылардың саны шектеледі. Людмила Бюрабекова санитария талаптары мен дезинфекция шаралары қатаң сақталуы керек екенін айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат. Еске сала кетсек, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұған дейін Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеу ережесі өзгергенін мәлім еткен еді.