Министрлік ПТР-тестің құны неліктен қымбат екенін айтты

Министрлік ПТР-тестің құны неліктен қымбат екенін айтты. Төлем ПТР-тест үшін ғана жасалмайды. Коронавирустың бар-жоғын анықтау қызметі үшін де ақы алынады. Оған қажетті материалдар шығыны да есептеледі. Өйткені 40-қа тарта зертханалық бұйым қолданылады деді Людмила Бюрабекова. Вице-министрдің айтуынша, бұл қызмет құнына медициналық қызметкерлердің қорғаныс құралдары мен айлығы да кіреді.