Халық арасында араздық тудырғысы келетіндер заң алдында жауап береді

Тоқаев осылай деп мәлімдеді. Ол радикализмнің, экстремизмнің және сепаратизмнің кез келген көріністеріне табанды түрде қарсы тұруымыз керектігін айтты. Мемлекет басшысы «қоғамымызды жік-жікке бөлу әрекеттері заң шеңберінде барынша ауыздықталатынын» жеткізді. Елімізде тәртіп бірінші орында тұруы керек. Осы негізде ғана біз халқымыздың әл-ауқатын қамтамасыз ету мәселесін шеше аламыз. Президент әрбір қазақстандық қорғауға тиіс басты құндылықтарды атады. Олар – тәуелсіздік, бірлік пен тұрақтылық .