Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Украинадан Қазақстандағы жоғары оқу орындарына 20 мыңнан аса студент ауысқысы келетінін айтты. Әңгіме Үндістан мен Пәкістан жастары туралы болып отыр, – деп хабарлайды “Астана” телеарнасы. Мұндай мәлімдемелер ресейлік жоғары оқу орындарының шетелдік студенттерінен де түсетіні атап өтілді. Сонымен қатар, сол медициналық университет профессорлары Қазақстанда сабақ беруге ниет білдірген. Бірақ, Саясат Нұрбектің айтуынша, кейінгі жылдары Қазақстанда жаңа академиялық хабтар салынбаған. Ғылым және жоғары білім министрі тығырықтан шығу жолын университет ғимараттарын кеңейтуден ғана емес, цифрлық университеттерден де көретінін айтты. Оның айтуынша, қазірдің өзінде мұндай оқу орындарының үлгілері әзірленіп жатыр.