Алматы облысында ер адам әйелін атып тастады

Алматы облысында күйеуі әйелін аңшы мылтығымен атып тастады. Әйелдің артында үш баласы қалды, деп хабарлайды Zakon.kz. 19 қарашада Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөлімінің тергеушілері 47 жастағы ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Алматы облысы ІІД. Ол әйелін аңшы мылтығымен атып өлтірген. Ер адам қамауда. Қылмыстық қару тәркіленді. Қылмыстық істің тергелу барысы мен нәтижелері облыстық ІІД-де бақылауға алынды.