Футболдан әлем чемпионатында Аргентинаны жеңген Сауд Арабиясында жаппай демалыс берілді

Есеп 2:1 болды. Мұндай жеңістен кейін елде ұлттық мейрам жарияланды. Сауд Арабиясының королі Салман ибн Абдул-Азиз 23 қарашада барлық мемлекеттік қызметшіге, жеке меншік секторда істейтін жұмысшыларға демалыс беруді тапсырды. Бұдан бөлек, мектеп оқушылары мен студенттер де сабақтан босатылды. Айта кетейік, кеше Аргентина мен Сауд Арабиясы арасындағы матчта сенсация болды. Лионель Мессидің командасы 1:2 есебімен жеңілді. Мессидің өзі пенальтиден гол соқты. Бірақ екінші таймның басында Сауд Арабиясы құрамасы екі рет қақпаны дәл көздеп, екі дүркін әлем чемпиондарын жеңіп кетті.