Арандатушыларды тыңдаудың да, көрудің де қажеті жоқ. Себебі олардың сөзі мемлекеттің ресми пікірі емес. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ресейдің федеральдық арналарындағы Қазақстан туралы айтылған жөнсіз пікірге осылай деп жауап берді. “- Бұл пікір біздің мемлекеттің ресми көзқарасы емес. Тіпті әлгі саясаттанушыны танымаймын да. Мұндай арандатушылар көп. Қазақстанда да Ресей жайлы жағымсыз пікір айтып жүрген адамдар бар. Алайда бұл екі мемлекеттің арасына жік салмауы керек. Федеральды арнаға келетін адам көп, бәрінің көзқарасы әртүрлі. Бірақ бұл биліктің ресми көзқарасымен мүлде сай келмейді.” – деді РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.