“Айналаға уын шашады” депутат Құл-Мұхаммед Соловьев бағдарламасы жөнінде пікірін айтты

Қазақстан сенатының депутаты, сенаттың халықаралық қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Мұхтар Құл-Мұхаммед ресейлік пропагандист Владимир Соловьевтің бағдарламасы туралы айтты. “Соловьевке көптеген ел тыйым салған және қазір ол санциялық қара тізімде көш бастап тұр. Ол зілденіп бәріне кәрін төгіп, уын шашыратады” деді Құл-Мұхаммед. Сенат мүшесінің пікірінше, бұл Қазақстанға тіке бағытталған “қоқан-лоқы”. “Ресей федералдық билігі бұған реакция білдіруі тиіс. Қазақстан 30 жылдан бері тәуелсіз мемлекет. Соловьев пен өзге де саясаттанушы-сымақтарға қарапайым шындықты ұғып, геосаяси ақиқатпен санасатын кез жетті” деді Құл-Мұхаммед.