Туындаған еңбек мәселелеріне байланысты жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына компания басшылығы, тиісті органдардың өкілдері және кәсіпорын қызметкерлері кірді. Нәтижесінде келер жылдан бастап қызметкерлердің жалақысы 50 мың теңгеге, 1 шілдеден бастап тағы 30 мың теңгеге өседі. Сонымен қатар, компания жыл сайын қызметкерлердің жалақысын инфляция деңгейінде индексациялайтын болады. Кәсіпорын қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы қазіргі таңда 281 183 мың теңге. Сонымен қатар, осы жылдың желтоқсан айында барлық қызметкерге 13-ші жалақы төленеді.