Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жылу желілеріндегі апат бүкіл қалада болмағанын атап өтті. “70 тұрғын үй жылусыз қалды “Екібастұз қатып қалды” деген сөздер үш шағынауданға қатысты. 5100 пәтерде тұратын 13 мың адам жылусыз қалды. Әрине, бұл да өте көп”, – деді. Сонымен қатар, ол Екібастұздағы ЖЭО-ны жөндеуге шамамен 12 миллиард теңге қажет екенін айтты.