Алматыдағы барахолкада ірі жол апаты болды

Төрт адам зардап шекті. Апат орнында түсірілген видео Instagram-пабликтерде жарияланды. Полиция мәліметінше, Mercedes маркалы автокөлік жүргізушісі Солтүстік айналма жолында солтүстік бағытта келе жатқан. Ол рөлді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Nissan маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Ол соққыдан оң жақтағы Toyota-ға және одан әрі тағы бір көлікті соғады. Соның салдарынан екі жүргізуші мен екі жолаушы зардап шекті”, – деді жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлім өкілдері.