Ұлттық банк “7-20-25” бағдарламасын 2029 жылға дейін жалғастыру мәселесін талқылап жатыр. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомство мәліметінше, президент сайлауалды тұғырнаманы іске асыру аясында “7-20-25” бағдарламасын 2029 жылға дейін жалғастыруды тапсырған. “Қазіргі таңда Ұлттық банк үкіметпен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жекелеген, соның ішінде қаржыландыру мәселесімен байланысты параметрлерді нақтылап жатыр”, – делінген хабарламада. Талқылау аяқталғаннан кейін қабылданған шешім жұртшылыққа жария етіледі.