Елдегі жылу желілерін жөндеуге шамамен 2 триллион теңге қажет – Қайырбек Өскенбаев Ал оларды 15 жылда кезең-кезеңімен жаңғыртуға болады. Мұны Индустрия министрлігінің басшысы Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24». Жалпы елдегі Жылу Электро Орталықтары 66%-ке тозған, кейбір қалалардағы жағдай тіптен нашар. Әсіресе Шығыс Қазақстан облысының Риддер және Шемонаиха қалаларында жылумен жабдықтау желілерінің жағдайы алаңдатады. Жылыту маусымы басталғалы еліміз бойынша 26 техногендік апат болды. Ақпарат финпром сайтынан алынды. Жетісу, Қарағанды және Павлодар облыстарында, сондай-ақ Астана мен Алматыда. Ақмола және Алматы облыстарындағы жылу қазандықтары 11 рет істен шыққан. Сумен жабдықтау желілерінде 13 апат тіркелген.