Қазақстанда “Яндекс.Таксиге” қатысты тергеу жүріп жатыр

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов мемлекеттік органның азық-түлік, ұялы байланыс және такси бағаларын тұрақтандыру жөніндегі жұмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz. Қазақстанда такси нарығындағы ” Яндекс. Такси” тарифтеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл ұйым 17-20% комиссия алады және динамикалық баға белгілеуді қолданады. Әсіресе, жаңбыр, қар, мереке күндері тұтынушыларға қызмет түрі сұраныстың артуына байланысты айтарлықтай қымбатқа түседі. Егер монополиялық-жоғары бағалар анықталса, онда шаралар қабылданып, комиссия төмендетілетіні де айтылады. “Агрегаторлар қызмет көлемін ұлғайту арқылы ақша табады. Екінші жағынан, агрегатордың қызметіне сұраныс неғұрлым жоғары болса, оның бағасы соғұрлым жоғары болады. Тарифтердің өсуі осыған да байланысты”, – деп түсіндірді БҚДА басшысының орынбасары.