Алматы қалалық соттың мәліметінше, қылмыстық іс бойынша сот 21 желтоқсанда сағат 15:00-де өтеді. Еске салайық, 12 желтоқсанда вайнерлер айыпталған оқиға ісі сотқа жолданған болатын. Алматы прокуратурасы ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында қаржы пирамидасын құру және оны басқару дерегі бойынша қылмыстық істі Алмалы аудандық сотына А.Құрманғалиев, Р.Бурканов, Д.Рахимова, Д.Ча, А.Рүстемов, Т.Касенов, С.Касенов, Н.Сұлтанбаев, М.Шерниязов, М.Төребаев, Б.Жармұхамед, Ерлан және Ержан Мансуровтарды айыптау бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады. Іс фигуранттары А.Ораз бен А.Саидбаевқа халықаралық іздеу жарияланды