Ақтөбеде сәбиін тастап кеткен әйел табылды, деп хабарлайды ішкі естер министрлігінің баспасөз қызметі. Полицияға Жұбанова көшесіндегі көпқабатты үйдің жанынан қағаз қораптан баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Жедел –іздестіру іс –шаралары барысында 29 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Жауап алу барысында оның екі кәмелетке толмаған баласы бар екені анықталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.