Ақмола облысының полиция департаменті осылай деп хабарлады. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, боран, көктайғаққа байланысты автожолдардың 72 учаскесі жабылды. “Жолдардағы төтенше жағдайды жою жөніндегі республикалық штаб құрылды, осыған ұқсас штабтар өңірлерде (Абай, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл және Жетісу облыстарында) жұмыс істейді. Ведомство өкілдері халықты эвакуациялау үшін автожолдардың жабық учаскелерінде уақытша жылыту пункттері әзірленіп, техника бөлінгенін хабарлады.