Жаңатастағы ТЖ салдарын бірнеше сағатта жою тапсырылды

Жауаптылар қатты желден құлаған электр бағаналарын жөндеуге кірісті. Мұндай тапсырманы Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов жүктеді. “Қонаев атындағы орта мектебінде болған облыс әкімі қаладағы екі-үш оқу ордасын жылытуға барынша көңіл бөлу керек екенін баса айтты. Ол үшін арнайы генераторлар пайдаланылады. Аймақ басшысы қаланы ең алдымен электр энергиясына қосу керектігін жеткізді”, – делінген хабарламада. Қазір электр желілерін реттеу жұмыстарына 10 бригада жұмылдырылған.