Назарбаев құрметті сенатор мәртебесінен айырылды

Қазақстанда құрметті сенатор атағы ешкімге берілмейді. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты. “Осыдан екі-үш апта бұрын Сенат регламентіне тиіс өзгерістер енгізілді. Регламенттен құрметті сенатор атағын алып тастадық. Қазір ондай институт жоқ. Тұңғыш Президент туралы жарлық Конституциядан алынып тасталды. Бұл – халықтың шешімі”, – деді сенат спикері Мәулен Әшімбаев.