Премьер-министр “АрселорМиттал Теміртау” компаниясының вице-президентіне ескерту жасады

Үкіметте компанияға қатысты тексеру жүргізу мәселелері талқыланды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды. Бүгін Әлихан Смайылов “АрселорМиттал Теміртау” компаниясының вице-президенті Виджай Гоялмен және “АрселорМиттал Теміртау” АҚ бас директоры Биджу Наирмен кездесті. Премьер-министр “АрселорМиттал Теміртауға” кешенді тексеру жүргізу кестесі жіберілгенін айтты. Өз кезегінде Виджай Гоял барлық тексеру шарасына толық жәрдем көрсетуге дайын екенін білдірді.