Қаржылық пирамида құрып, 6 мыңға жуық адамның ақшасын иемденген алаяқ бес жылға сотталды. Лишко есімді азаматша тұрғындардың ақшасын қайта бөліп, пайда табу мақсатында “LV FORCE” (Эл Ви Форс) компаниясын құрады. Сөйтіп, 2018 жылдан бастап Степногорск қаласындағы азаматтарды қаржы пирамидасының қызметіне тартады. Алаяқтың арбауына 5 822 адам түскен. Келтірілген шығын көлемі 147 млн теңгеден асады. Осы іске қатысты Қаржы мониторингі агенттігі жүргізген сотқа дейінгі тергеу аяқталып, сот үкімі шықты. Алаяқтың мүлкін тәркілеп, оны бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.