Прокурор журналист Махамбет Әбжанды 11 жылға соттауды сұрады

Астанада журналист Махамбет Әбжанға қатысты сот процесінде прокурор Қожахметова айыпталушыға 11 жыл түрме жазасын сұрады. Бұл туралы журналистің Telegram-дағы Abzhan News арнасы хабарлады. Сот үкімі 3 ақпанда сағат 17.00-де оқылады. 39 жастағы журналист әрі блогер Махамбет Әбжанды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі былтыр 3 шілдеде тұтқындаған. Агенттік “ол бір кәсіпкерден 50 миллион теңге бопсалады” деп хабарлаған. Әбжан адвокаты арқылы тағылған айыптарды жоққа шығарған.