2,5 проценттік кредит қай кезде беріле бастайды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмади Сарбасов жастарға арналған 2,5 проценттік кредит келесі айда беріле бастайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. “Осы айда жергілікті атқарушы органдар мен қаржы министрлігі кредит келісіміне қол қойса, келесі айда бастаймыз”, – деді Сарбасов. Айта кетері, осы бастаманы іске асыруға бюджеттен 28 миллиард теңге бөлінді. Микрокредит кәсіпкерлік қызметті бастағысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтарға конкурстық негізде беріледі. Жеңілдетілген кредиттің шарттары: номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%; қарыздың ең жоғары сомасы – 5 миллион теңге (ол үшін кепілдік қою керек); мерзімі – 5 жыл, ал мал шаруашылығы саласы болса, 7 жыл.