Жаңа “Сергек-Патруль”: Алматыда қанша заңбұзушылық анықталғаны айтылды

Алматыда жаңа “Сергек-Патруль” жүйесі 50-ден аса заңбұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. “Сергек-Патруль” кешенінің көмегімен қаладағы жол қозғалысы жағдайына теріс әсер ететін және жол-көлік оқиғасы деңгейіне әсер ететін ЖҚЕ өрескел бұзу жағдайлары анықталған. “Бұл – техникалық байқаудан өтпеген және сақтандыру полисі жоқ, ұрланған немесе қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген, жалған нөмір таққан көлік, сондай-ақ айыппұлдары төленбеген жүргізушілер. Сонымен қатар, жүйе қоғамдық көліктерге арналған жолақтардағы заңбұзушылықтарды тіркеп, жол қозғалысы ережелерін бұзуды өңдеу үшін деректерді автоматты түрде әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізіліміне жібереді”, – делінген хабарламада. Полицияда автоматтандырылған бағдарламалық кешен “Қорғау” мобильді қосымшасымен біріктірілгенін айтты.