Елде жеңілдетілген автонесие бағдарламасын жетілдіру жоспарда бар. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев осылай деп мәлімдеді. Алдағы уақытта ведомство осы мәселеге қатысты ұсыныстарды қабылдауға дайын. Қарабаевтың пікірінше, қолданыстағы цифрлық платформаның арқасында жүйенің ашықтығы қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, биыл автонесие алуға өтініш беріп үлгерген қазақстандықтардың есімдері жариялануы мүмкін. Өнеркәсіпті дамыту қорының өкілдері бұл азаматтармен келіссөз жүргізбек.