Түркістан облысында полиция полковнигіне қатысты тергеу басталды

Түркістан облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес депаратменті Сауран аудандық полиция бөлімі бастығының бұрынғы орынбасары – полиция полковнигіне қатысты тергеуді бастады. Ол полиция бөлімінде алаяқтық дерегі бойынша тергеліп жатқан тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тартуға және іс бойынша залалды өтеуге жәрдемдесу үшін алаяқтық жолмен 1 млн теңге мөлшерінде ақша алды деген күдікке ілінген. Кінәсін толық мойындауына және келтірілген шығынды өтеуіне байланысты тергеу соты санкциясымен лауазымды тұлғаға “үйқамақ” бұлтартпау шарасы тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайтыны хабарланды.