Алматыдағы арнайы іс-шара барысында интернет-алаяқтар тобы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Топ құрамында 27 және 25 жастағы екі әйел бар. Қылмыстың басқа да сыбайластары – 28 және 33 жастағы ер адамдар. “Бостандық аудандық ПБ-на қарасты полиция бөліміне көмек сұрап жүгінген алматылық тұрғынның арызына сәйкес, күдіктілер алдау және сенімге қиянат жасау арқылы 1,1 миллион теңге көлемінде қаражатты иемденіп кеткен”, – деді, Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов. Алаяқтар анықталды және ұсталды. Олар – Түркістан облысынан келгендер. Ұсталғандардың үшеуі бұрын да алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы белгілі болды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Соталды тергеудің осы кезеңінде бұл топ жасаған үш бірдей алаяқтық дерегі анықталды.