Алматыда мектеп түлектерінің ата-аналары алданып, ақшасынан айырылып қалған

Алматыда түлектердің ата-аналары ондаған миллион теңгеге алданған, – деп хабарлайды Polisia.kz. Бұл жолы “кәсіпкерлікті” жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындайтын білім беру орталығы директорының атынан “әрекет еткен” 22 жастағы Ж. есімді азамат көрсеткен. “Келісімшарт талаптарына сәйкес, ата-анаға – 238 мың теңгені бөліп төлеуге болатын. Сөйте тұра, бала тестілеуден өтпей қалса, “мұғалім” ақшаны қайтаруға уәде берген. Іс жүзінде оқу орталығының негізін қалаушы жоқ болып кеткен. Балалар уәде етілген сабақтарды алмаған. Ал ата-аналары полицияға көмек сұрап жүгінген. Дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (“Алаяқтық”) бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеудің қазіргі сатысында қылмыстық іс бойынша 76 жәбірленуші бар. Күдікті ұсталды және қамауда отыр”, – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.