ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссия отырысында осындай шешім қабылданды. Мемлекеттік материалдық резервтен консервіленген өнімдер, жылы киім-кешектер, қысқы шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтары бөлінеді. Жүк Ислам ынтымақтастығы ұйымының желісі бойынша Алеппо қаласына төрт әуе рейсімен жеткізілмек. Айта кетейік, Сирияның түрлі аймақтарында екі жойқын жер сілкінісі болды. Зілзаладан үш мыңға жуық адам мерт болған. Бес мыңнан аса адам зардап шеккен.