Ыстанбұлда тұратын қазақтар Түркияға көмек ретінде 160 мың доллар жинады

Отандастарымыз бұл соманы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек ретінде жолдады. Бұл жөнінде Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Осы ретте бас консул Әлім Байел көмекке өз үлесін қосып жатқан Ыстанбұлдағы қазақтарға алғыс айтты. Бүгінде Қазақстанның бас консулдығы, еліміздің белсенді азаматтары, студенттер және жергілікті қазақ диаспорасы Түркияның алапат зілзала салдарынан зардап шеккен аймақтарына гуманитарлық көмек жолдауға атсалысып жатыр.