Қазақстан ТЖМ Түркияда адамдарды құтқару сәтінің видеосын жариялады

Видеода қазақстандық құтқарушылар арнайы жасалған ойықтың көмегімен адамдарды қираған ғимараттың астынан шығарып алып жатыр. Құтқарушылар барлық жол бойы адамды сүйемелдеп, олады үйінді астынан өз денелерімен қалқалап шығарып жатыр. Қазақстандық құтқарушылар екі тәулікке жуық уақыт бойы адамдардың орналасқан жеріне жол салған. Осы уақыт ішінде зардап шеккендермен аудио байланыс үзілмеген.