Оның бірі қазандықтың компрессоршы қызметкері, екіншісі газ таситын жүргізуші. Қазандық ғимаратында газ-ауа қоспасы жарылған. Бұл туралы өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті хабарлады. Жарылыстан кейін қазандық ғимараты жартылай құлаған. Күйік шалған 43 жастағы ер адам қалалық ауруханаға жеткізілді. Ал дене жарақатын алған 59 жастағы ер адам ауруханаға жатудан бас тартқан.