Шымкент тұрғыны InDriver жүргізушілерінің дерегін алып, несие рәсімдеген

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Алаяқтың осындай тоғыз дерекке қатысы бар екені дәлелденді. Бұл жағдайға байланысты inDriver баспасөз қызметі түсініктеме берді. “InDriver пайдаланушылары мен қызметкерлері арасындағы байланыс тек «inDriver» қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Бұл жүргізуші құжаттарын тексеретін қызметкерлерге де қатысты. Қызметкерлердің белгілі бір тобы ғана пайдаланушылардың жеке деректерін алуға рұқсаты бар. Олардан өзге, пайдаланушылардың жеке деректерін үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады. Егер пайдаланушылар inDriver қосышасынан тыс күмәнді сұрау болса, қосымшадағы қолдау чаты, әлеуметтік желілер немесе support@indrive.com пошта арқылы анықтама, түсініктеме алуға хабарласу керек»,- деді компанияның баспасөз қызметі.