Бұл ақпаратты Қазақстанның ішкі істер министрлігі растады. Ресми мәліметке сәйкес, 3 курс курсанты 2020 жылы “Арыстан” мамандандырылған лицейін бітіргеннен кейін іріктеуден өтіп, “Ұлттық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету” мамандығы бойынша оқу үшін Ресей Федерациясы Ұлттық ұлан әскерлерінің Әскери институтына жіберілген болатын”, – делінген ресми хабарламада. Қазақстанның ұлттық ұлан академиясының қолбасшылығы әскери қызметшінің қаза болуына байланысты туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Ресей бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, 19 жастағы курсант оқтан қаза тапқан. Жас жігіттің денесі киім кептіретін бөлмеден табылды. Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды.