Алматыда 380-нен астам пункт құрылды

Бұл алып шаһарда жер сілкінісі болған жағдайда халыққа көмек көрсететін пункт. Төтенше жағдайлар министрлігі осылай деп хабарлады. Аталған пункттер уақытша жинауға, тіркеуге, зардап шеккен халықты қажетті заттармен (су, тамақ, азық-түлік) қамтамасыз етуге, көлікке отырғызуға және қауіпсіз аудандарға эвакуациялауға арналған. Төтеншеліктер бұл пункттер туралы толық ақпарат 2ГИС картасында, Алматы ТЖД мен әкімдіктің ресми сайттарында орналастырылғанын атап өтті. Ол үшін іздеу жүйесіне “зардап шеккен халықты қабылдау пункттері” деп енгізу қажет. Бұдан бөлек, QR коды бар ақпарат тақтайшалары әзірленген. Смартфон арқылы сканерлеп, жақын маңдағы зардап шеккен халықты қабылдау пункттеріне эвакуация жолдарының бағыттарын анықтауға болады