Ішкі істер министрлігі шетелден автобөлшек ретінде жеткізілген “конструктор” көліктерге қатысты шешім қабылданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, заңдастыру кезінде Қазақстанға қосалқы бөлшек ретінде әкелінген көліктер анықталды. Барлығы кедендік тазартудан өтпеген. Қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тексерілмеген. “Осы автокөліктерді сатып алған азаматтарымыздың жағдайын назарға ала отырып, қазір мемлекеттік органдар оларды Қазақстанда бастапқы тіркеуге алу тетіктерін әзірлеуде. Мұндай автомобильдерді заңдастыру туралы шешім қабылданды”, – дейді Сұлтанбаев. Бір айдың ішінде 125 мыңнан астам шетелдік көлік заңдастырылды.