«Күрті – Бурылбайтал» айналма жолында жұмыстар жалғасып жатыр

«Күрті – Бурылбайтал» айналма жолында тұрған көліктер әлі өте алмай тұр. Жолда қалған жолаушылар ас-сусыз әбігерге түсті. Кеше Алматы бағытындағы «Күрті – Бурылбайтал» жолын, қарғын су шайып кеткен. Содан бері онда қозғалыс шектеліп, мамандар қар суын, басқа арнаға бұрып жатыр. Жолда қалғандардың айтуынша, 200-дің үстінде көлік қаңтарылып тұр. Арасында шетелдік автолар да бар көрінеді. «Жол жиегіндегі асханалар да бағаны көтеріп жіберген», – дейді жүргізушілер. Адамдар көліктеріне түнеп, ас-суын сонда ішіп отыр. Тіпті кейбірі азық таусылғанын айтады. Айналма жолдың 2 мыңыншы шақырымында мердігер мекеме топырақтан үйінді жасап, қосымша су өткізу құбырларын салуға кірісті.