Ақмола облысында жүк пойызы 32 жылқыны қағып кетті, – деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі. 25 ақпанда Ақмола облысының Көкшетау-Жамантұз станциясының өткелінде жүк пойызы 32 жылқыны қағып кетті. Апат болған жерде пойыз 50 минут тоқтап қалды. “Игілік ауылының 28 жастағы тұрғыны жылқылардың иесі ретінде анықталды. Жылқылардың қалған иелері ауыл тұрғындары үй жануарларын кезекпен жайып жүргендерін түсіндірді. Әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды”, – делінген хабарламада.