1 наурызда Қазақстан бойынша сирена іске қосылады

1 наурызда Қазақстан бойынша сирена іске қосылады. Республика бойынша азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесі тексеріледі, – деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі. Ведомство мәліметінше, дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні шеңберінде 1 наурыз сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізіледі. “Баршаның назарына!” дыбыстық сигналы – бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаларды берудің алдында халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.