1 наурыз кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру мақсатында жастарға жылдық 2,5% микрокредит беру үшін құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Биыл барлығы 5 796 шағын несие беру жоспарланып отыр. “Микрокредит 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға өз ісін ашу немесе кеңейту үшін, 5 жылдан аспайтын мерзіммен жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда беріледі. Бұл ретте қатысушылардың жасы “Аграрлық кредиттік корпорация” АҚ-ға өтініммен жүгінген кезде ескеріледі”, – деді еңбек министрлігіндегілер. Жастар 5 млн теңгеге дейін шағын несие ала алады. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5%-тен аспайды. Микрокредит 5 жылға беріледі, егер бизнес ауыл шаруашылығымен, мысалы мал өсірумен байланысты болса, 7 жылға дейін беріледі.