“Зейнетақы жинағының 50 пайызын алып беремін”. БЖЗҚ қазақстандықтарға ескерту жасады

БЖЗҚ өз салымшылары мен алушыларына алаяқтардың әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратуының жиілеп кеткен жағдайлары туралы мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. “Жалған делдалдар өздерін Қордың қызметкерлері ретінде таныстырып, зейнеткерлерге ақысын төлесе, зейнетақы жинақтарының 50 пайызын кез-келген мақсатта жұмсауға алып беруді ұсынуда. Бұл ақпарат “жалған” және шындыққа сәйкес келмейді”, – делінген хабарламада. БЖЗҚ әлеуметтік желілерде және басқа да ақпарат көздерінде таратылып жүрген, жоғарыда аталған шарттарды ескермей, ақылы түрде жинақтардың 50 пайызын алу мүмкіндігі туралы хабарламаларды елемеуге қатаң кеңес береді. БЖЗҚ жүргізетін барлық операция тегін жасалады.