Дизель өндіру бойынша Павлодар облысы көш бастап тұр. Аталған өңірде 149,1 мың тонна дизель өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,1%-ға артық. Жергілікті компаниялар дизельмен ішкі нарықты 96,8%-ға қамтамасыз етті. Импорт керісінше 3,2%-ға дейін қысқарды. Елге 177,7 мың тонна дизель отыны әкелінді. Ішкі нарықта дизельді сату жыл ішінде 7% немесе 5,5 мың тоннаға дейін өсті. Дизель бағасының өсуі әсіресе Атырау облысының тұрғындарына әсер етті. Аталған өңірде жыл ішінде бірден 44,8%-ға қымбаттаған. СҚО (39,1%) және ШҚО-да (37%) баға айтарлықтай өсті. Маңғыстау, Қызылорда облысы және Алматыда дизель бағасы өткен жылғы деңгейде қалды. Ал Ұлытау облысында дизель отыны 2,8%-ға арзандады.