Бұл іс бойынша бас прокуратура Жоғарғы Сотқа кассациялық наразылық берді. Наразылық туралы кәсіпкердің адвокаты Сәуле Кобжанова хабарлады. Ол бас прокурорға объективтігі үшін алғысын білдірді. Айта кетейік, 2022 жылы 5 шілдеде кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаров 1 миллион доллар жымқырды деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Кәсіпкер 2021 жылдың шілдесінде қамауға алынған болатын. “AV Construction” ЖШС директорының арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс элиталы вилланың сатылуына байланысты болды.