Бұл туралы Астана сотының сайтында хабарланды. Елорда тұрғыны әлеуметтік желіде ер адаммен танысқан. Хат алмасу кезінде ол оны өзінің сезіміне және банкротқа ұшыраған зауыт директоры екеніне, жақын туыстарының қайтыс болғанына, соның салдарынан ақшаға қатты зәру екеніне сендірген. Жәбірленуші белгілі бір уақыт ішінде онлайн аударымдар арқылы әртүрлі сомаларды аударған. Ер адам аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды. Апелляциялық шағымда сотталушы тағайындалған жазаны жеңілдетуді, асырауында кәмелетке толмаған бес баласының, жұмыс істемейтін жұбайының болуын, сондай-ақ денсаулық жағдайын ескеруді сұраған. Алайда сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды.