Екібастұз ЖЭО-ға 3 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды

Бұл туралы сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Биыл орталық қызметін метрология саласындағы заңнамалық актілерде белгіленген талаптарды сақтау бойынша тексеріс жүргізілді. “Тексеру барысында сынау аралығы бұзылғаны және тексеру мерзімі өткен өлшеу құралдары пайдаланылғаны анықталды”, – деді министрліктің баспасөз қызметінің өкілдері. Осы заңбұзушылық бойынша 5 520 000 теңге айыппұл қарастырылған. Екібастұз ЖЭО-ның заңбұзушылық жасау дерегін мойындауына байланысты жеті тәулік ішінде қысқартылған іс жүргізу тәртібімен 2 760 000 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл төлеу туралы ұйғарым шығарылды. Қазіргі уақытта әкімшілік айыппұл толық көлемде төленді”, – делінген хабарламада