Алматы облысында аудандық ауруханалардың бірінде 14 жастағы жасөспірім қайтыс болды. 13 наурызда жергілікті тұрғын Еңбекшіқазақ ауданының полициясына кәмелетке толмаған ұлына дене жарақатын салған белгісіз адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы шағым түсірген – деп хабарлады аймақтық полиция департаменті. Дәрігерлердің барынша көмегіне қарамастан соққыға жығылған оқушы келесі күні қайтыс болды. “Қажетті тергеу жүріп жатыр. Баланың денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері жоқ. Өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жасалады”, – деп хабарлады Алматы облысы полициясы.