Шетелге жүк тасымалдайтын отандық жүргізушілерге рұқсат электрондық түрде беріледі

Бұл қызмет ақылы. Алым сомасын портал арқылы төлейсіз. Қытайға бару үшін «С» нұсқасындағы электрондық рұқсаттар 1) Достық-авто (Жетісу облысы); 2) Нұр Жолы (Жетісу облысы); 3) Көлжат (Алматы облысы); 4) Бақты (Абай облысы); 5) Майқапшағай (Шығыс Қазақстан облысы) кедендік пункттерінде беріледі.